Жыл сайын күз және көктем айларында ағаш отырғызу акциясын өткізу дәстүрге айналған
Айналамызға қарасақ, табиғат көркі — ағаш екенін көреміз. Ал адамдар осыны біле тұра жас ағаштарды отынға кеседі. Барлық ағашты отынға пайдалану үшін кесіп тастасақ, көктемде табиғат көріксіз болып тұрмай ма? Сондықтан ағаштың барлығын кеспей, оларға күтім жасау керек.
Ағаштың бізге тигізер пайдасы өте көп. Ағаш болмаса таза оттегі бізге қайдан келеді?
«Бір тал кессең, он тал ек» демей ме қазақ даналығы? Ағаш — табиғаттың ерекше жаратылған бір көркі. Соны ұмытпайық.