Меню KDT

logo.png?_=1675492509

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы»КММ
«Тайынша ауданының білім бөлімі»КММ
«Тихоокеанск негізгі мектебі»КММ
  • kz
  • ru
  • Хабарлар

     

    #Біртұтас_тәрбие #Профориентатор_ШакироваЖЗ #Мамандық_таңдау_маңызды #Дәрігер_ЕрмуратЖ_кездесу


    Мектеп профориентаторы Шакирова Ж.З. оқушыларға мамандық туралы кәсіби бағдар беріп,ауыл дәрігері Ермурат Ж кездесу жасады. Дәрігер деген – кең ұғым, қастерлі мамандық. Бағалай білген кісілерге медицина қызметкерлерінің тұғыры таймас биік шың. Жалпы медицина қызметкері болу адамға денсаулық, тіпті кейде өмір сыйлау деген сөз іспетті. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, ұрымтал жерден соға беретіні ақиқат. Сондықтан ине мен пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды дәрігерлер қауымына бесіктегі баладан төрдегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз екендігіне ешқандай шүбә жоқ. Қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын ақ желеңді абзал жандар. Олар денсаулық сақтау саласында аянбай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп қана қоймай, халықтың ықыласына бөленген мейірімді жандар. Шынында дәрігер болу – үлкен мәртебе. Мамандықтың бәрі жақсы, дегенмен дәрігер мамандағының қиын болса да, абыройлы да, қастерлі жақтары көп екендігін ескерген жөн.
    08.04.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Директор блогы

    Мектеп сайты сізге ұнады ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки